Әскерге барудан қашқан азаматтар бостандығынан айырылып, айыппұл төлеуі мүмкін

«Біз Ішкі істер министрлігімен бірге жұмыс істейміз. Бірнеше мәрте шақыруға келмегендердің тізімін тиісті органдарға береміз. Азаматтарды тұрғылықты мекенжайы бойынша табу қиын. 27 жасқа дейін қашып жүретіндер де бар. Олардың үстінен әкімшілік жазадан бөлек, қылмыстық іс те қозғалады. Әскерге барудан жалтарғандарға 2 миллион теңге айыппұл салынады. Егер денсаулығына байланысты жалған құжаттар жасатса одан екі есе көп айыппұл төлейді немесе осы қаржыны өндіру мақсатында қара жұмысқа жіберіледі»,-дейді ҚР ҚК Бас штабы тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің басшысы Мүслім Дайыров.

Биылғы күз маусымында әскер қатарына 120 мың азамат шақыртылды. Олардың 80 проценті ғана отан алдындағы әскери борышын өтеуге жарамды. 10 проценті денсаулық жағдайына байланысты әскерден босатылған. Қалған он проценті — уақытша ем қабылдап жүргендер.

Дереккөз24.kz