Басты бет5 қыркүйек:...

5 қыркүйек: бұршақ пен жаңбыр жауады

Қызылорда, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, күндіз Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында да 15-20 м/с жел соғып, Қостанай, Ақтөбе облыстарында күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Маңғыстау облысында түнде және таңертен тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел күшейіп, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі өте жоғары болады.