Басты бетPushАлматы жастары ипотекалық бағдарламасына өткендердің тізімі шықты

Алматы жастары ипотекалық бағдарламасына өткендердің тізімі шықты

Алматы қаласы әкімдігінің Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы «Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасының қорытындысын жариялады.

Бағдарламаға жалпы 6 626 өтінім қабылданып, оның 3 412-сіне оң шешім шыққан.

Өтінім бергендер мен мақұлданғандар саны

Ең көп өтінім білім беру саласының қызметкерлерінен түскен – 2 191 адам. Одан кейінгі орындарда мына салалар тұр:

  • денсаулық сақтау саласы – 1 381 өтінім,
  • жұмыс істейтін жастар – 881,
  • ЖОО мен ғылыми ұйымдар – 635,
  • коммуналдық қызметтер – 428,
  • мәдениет – 360,
  • құқық қорғау органдары – 343,
  • әлеуметтік сала – 245,
  • спорт – 86,
  • журналистика – 76 адам.

3 412 адам бағдарлама бойынша оң шешім алды. Олар сала бойынша былай бөлінген:

  • білім беру – 994 адам,
  • денсаулық сақтау – 630,
  • жұмыс істейтін жастар – 759,
  • республикалық мемлекеттік ұйым қызметкерлері – 249,
  • құқық қорғау органдары – 167,
  • басқа салалар – 613.

Іріктеуден өткендердің қатарында «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасы бойынша 759 жалға алушы бар. Оларға «Отбасы банк» АҚ-ға жолдама беріліп қойған.

Бағдарламаға өтінім қабылдау 2025 жылғы 14 наурыз бен 26 наурыз аралығында жүрген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да