Басты бетЖаңалықтарКөкшетау қаласында...

Көкшетау қаласында көшелерге күрделі жұмыстар жүргізілуде

Қазір мұнда қиыршық тастар төселіп, құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Жұмысшылар ауа-райына қарамастан, тәулік бойы жұмыс істеуде. Мұндағы басты өзгеріс – енді көлік жүретін жолдың көлемі ұлғаяды. Темір тұлпарын тізгіздеген қала тұрғындары сапалы әрі кең жолда жүруге мүмкіндік алады.

Бұдан бөлек, Ғабдуллин көшесіндегі көлік жолдарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мұндағы жұмыстар ағымдағы жылдың маусым айында басталған. Жобаның жалпы құны 900 млн. теңгеден асады. Қазір бұл жерде де көлік жолдары толықтай жаңартылып жатыр. Жаяу жүретін жолдар да салынбақ. Жалпы, қала ішіндегі көлік жолдарын жөндеу жұмыстары 2018-ші жылы толықтай аяқталады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Сүлейменов, Садуақасов, Абай көшелеріндегі көлік жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.