Басты бетСингапур президенті...

Сингапур президенті биліктен бас тартты

Сингапурдың жаңа президенті 23 қыркүйек күні сайланады. Сайлауға үш үміткер қатысады.

77 жастағы саясаткер Тони Тан Сингапурдың жаңа тарихындағы жетінші президент болды. Ол 2011 жылы өткен сайлауда жеңіп шыққан еді.

Тони Тан түрлі жылдары вице-премьер, қорғаныс министрі,мемлекеттік инвестициялық корпорацияның атқарушы директоры болған еді.

Сингапур конституциясына сәйкес, президенттің билігі шектеулі, ал мемлекетті іс жүзінде премьер-министр басқарады.

ДереккөзInform.kz