Басты бет / Қоғам /
4274647bf206c271581326d9a05d86ad Несие алғандар туралы ақпарат салық органдарына жіберіледі
Gif: Dribbble.com. ©Mia Ditmanson

Несие алғандар туралы ақпарат салық органдарына жіберіледі

Қаржы министрлігі есепшоттағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы, сонымен қатар кредиттер туралы ақпаратты салық органдарына жіберу туралы бұйрықты әзірледі.

«Ашық НҚА» сайтында жарияланған бұйрықтың жобасына сәйкес, салық органдарына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті адамдарға қатысты ақпарат қана жіберіледі.

Сонымен қатар бір жыл ішінде құны 20 000 АЕК-тен (2025 жылда – 78 640 000 теңгеден) асатын мүлікті сатып алған жеке тұлғалардың шоттарындағы қаражаттардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер ұсынылады.

Бұл салық органдарына камералдық бақылауды уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді және жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін бақылаудың тиімді жүйесін құруға ықпал етеді, сонымен бірге бюджетке түсетін түсімдер көлемінің ұлғаюына және көлеңкелі экономика үлесінің қысқаруына әкеп соғады, — делінген бұйрықта.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook