Астана Сингапур Республикасымен стратегиялық әріптестікті нығайтты

Қала әкімі Әсет Исекешев Сингапур Республикасының сауда және индустрия министрі Ко По Кун мырза бастаған делегация өкілдерімен кездесті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар үш бағытта жобаларды бірлесіп іске асыруға және ынтымақтастық орнатуға келісті.

Бірінші — Сингапур елінің тәжірибесін зерделеу және оны Астанада енгізу, «ақылды» инфрақұрылым бойынша регламенттерді енгізу мен жұмысты ұйымдастыру, цифрлық инжиниринг, жобалау кезінде бим-технологияны қолдана отырып «жасыл» құрылыста, құрылыс салуға рұқсат қағаздарын алуда, құрылыс және ғимараттарды басқаруда сингапурлық әдіс-тәсілдерді үйрену және оны өз елімізде қолдану. Энергияны үнемдейтін технологияларды қолдана отырып «жасыл» құрылыстың мәселесі жеке қаралды. Сингапурда жеке «жасыл» стандарт әзірленген, сол «жасыл» стандартқа сәйкес ғимараттар саны қазіргі уақытта 33 пайызды құрап отыр.

Екінші — қоғамдық көлік, тұрақтар, жолдар құрылысын жоспарлау, сондай-ақ қоғамдық көлік саласында ынтымақтастық жасасуға байланысты болды, ақпараттық технологияларды енгізу және т.б. мәселелер қарастырылды.

Үшінші — смарт-технологияларды қолданумен қоғамдық денсаулық сақтау саласында ынтымақтастықты арттыру жоспарлануда.