Басты бетЖаңалықтарОралдық жастар...

Оралдық жастар ұйымдарының жетекшілері жергілікті жастармен кездесті

Батыс Қазақстан облыстық «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің «Өрле, Қазақстан!» жастар ақпараттық-түсіндірме топтары жергілікті жастармен кездесті.

Жастар бірлестігінің негізгі мақсаты – Жайық өңіріндегі жастарға қатысты жұмыстарды көрсету. Соның ішінде мемлекет тарапынан бастау алған жобаларды насихаттау. Атап айтқанда, «Туған жер», Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы», «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім», «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы, «Жасыл Ел» және тағы басқалары.

Оралдық жастар ұйымдарының жетекшілерімен кездесу шарасына облыстық “Жас қанат” бірлестігінің менеджері С.Исламғалиев, БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесшісі А.Байболат, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы М.Ерақаев, БҚО индустриалдық колледжі директорының міндетін атқарушы Т.Ахмадиев қатысты.

Кездесу барысында Сырым аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Д.Тайшиев пен Қаратөбе аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Э.Амантаев өз аудандарындағы жастар саясатының жүргізілу бағыты, жүзеге асырылатын жаңа жобалар мен бастамалар жөнінде баяндап берді. Негізгі мәселе – жастарды жұмысқа орналастыруға келіп тіреледі. Осы мәселеде әлі де қолдау қажеттігі айтылды.

Айта кетейік, топ мүшелері “100 нақты көмек” жобасы аясында ашылған Дариян ауылындағы “Шапағат” қайырымдылық дүкенінің жұмысымен, М.Шолохов атындағы мұражаймен танысты.

Тоқтар Ғабдірешұлы