Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Сапарбаевтың сынынан кейін ақтөбелік мұнайшылар қытай-қазақ аудармашыларын жалдауға кірісті

Бердібек Сапарбаев. Фото: Nur.kz

Айта кетерлігі, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев үш аудармашы бойжеткеннің қазақ екеніне назар аударып, «қазақ қыздары қытай тілін меңгерген болса, қытайлықтар да қазақ тілін білуі тиіс», — деп әзілдеп үлгерді.

«Бұны өзара сыйластық деп атауға болады», — деді облыс әкімі.

Сапарбаевтың сынынан кейін ақтөбелік мұнайшылар қытай-қазақ аудармашыларын жалдауға кірісті
NEWTIMES.KZ

Аудармашылардың бірі Қытай тумасы екен. Ол тек қазақ және қытай тілдерін білетіндіктен, қасындағы әріптесі орыс тілінен аударуға қолғабыс болған.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Ұлы қорған» қазақ-қытай компаниясының өкілдерін қазақ тілін құрметтеуге шақырған болатын. Шенеунік ұжымға мемлекеттік тілде сөз сөйлегенде Қытай елінің өкілдеріне оны аударып беретін ешкім табылмаған.

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев компания ұжымы алдында елдің экономикалық ахуалы туралы әңгімелеген кіріспе сөзінің соңында:

— Басшыларыңыз түсініп отыр ма? Аудармашы бар ма? — деп сұрады ұжымнан. Сол кезде компанияның ұлты қытай аудармашысы:

— Біз қазақшадан аудара алмаймыз. Егер сіз орысша сөйлесеңіз мен бірден аударар едім, — деді.

— Қазақ тілін білмеуіңіз дұрыс емес. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қай тіл? — деп қайта сұрақ қойды облыс әкімі.

— Қазақ және орыс тілдері. — Жоқ, олай емес. Мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі. Сондықтан қазақ тілін үйренуге де тырысу керек, — деді Бердібек Сапарбаев қытайлық компанияның қазақша білмейтін аудармашысына.

Мақалаға реакция

23 Пікір

  1. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Басшы осылай жұмыс істеу керек қой! Осылай талап қою керек!
  2. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Кушти азамат.. Бирак тытыш тыныш журип, сонгы кезде жаксы онерлер корсете бастады, жарайсын
    1. Т
      танымайсын 10 жыл бұрын
      Отирик халыка жагу ушин гои. ...айтпесе булардын сыры белгили гои коздеринди кашан ашар екесин дер ...бунын барин коз алдау ондай ертеги алеминен шыксандаршы
    2. Е
      Елтай 10 жыл бұрын
      Халыққа жағып отырған жоқ сен ақ үндмей отырш
    3. Д
      Даулет 10 жыл бұрын
      Бəкең нағыз еркек. Ол кісі ОҚО да əкім болған кезінде. Сол кезде де қаланы ретке келтіріп жақсы жұмыс атқарып кеткен. Так что əрдемені айтып далбасаламаңдар. Жұмыс істейтін басшы Бəкеңдей ақ істесін. Мемлекетіміз гүлденіп кетер ондай кісілер көөөөп болса
  3. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Нагыз халкынын басшысы!
  4. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Ои рахмет, осылаи сын аитатын адам болмаи журген гои. Бастыкар жасканшак, сен тимесен мен тиме деп журе береди
  5. Е
    Ермурат 10 жыл бұрын
    Міне нағыз азамат талап қойды оны орындата да білді басқа басшыларға сабақ болса екен
  6. Ғ
    Ғалым 10 жыл бұрын
    Тілімізге деген құрметті тамшыдай болсада жеткізіп жатқан нағыз азамат
  7. Д
    Даурен Нұрсəлім 10 жыл бұрын
    Азамат. Өте дұрыс.
  8. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Басшылардың бәри осындай болса,қазақ тилин бари тез уиренуши еди.Өте дұрыс айтылған сөз.
  9. Н
    Нур 10 жыл бұрын
    Агамыз оте керемет айтты. Казак тилинде барлык улт сойлей билу керек, Казакстанда туратындар!
  10. Т
    Талгат 10 жыл бұрын
    Жарайсыз!!!Басшы деген сыздей болсыг
  11. Т
    Талгат 10 жыл бұрын
    болсын!!!
  12. К
    Көшпенді 10 жыл бұрын
    Көпшілікке улгі болар іс! Рахмет Сізге. Ана тілдің атынан!
  13. Қ
    қуеке 10 жыл бұрын
    Әп бәрекелді. Айызым бір қанды ау.
  14. К
    Конкк 10 жыл бұрын
    Ап барекелди Бердибек ага, Рахмет!!!! Бар Казактын айызы бир канды.... !!!
  15. А
    Ареке 10 жыл бұрын
    Тамаша! Тіл жанашырлары көбейе берсін лəйім! Ісіңіз бен бастамаларыңызда берекет болсын Бердібек аға!!!
  16. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Бердибек агамызды колдау керекпиз . Алга Казактар.
  17. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Молодец !!!!
  18. Г
    гулназ 10 жыл бұрын
    Оте адеми айтты????????????????
  19. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Басшы осындай болуы керек ко. ,кадагалау, тексеру сурау жазалау лайыкты енбегин багалау ушин тагайындалгасын жумыс истеу керек. Жаксы иси тарихта калад. Ал биреулер аким боп каншама жыл отырад боска тук битирмей.
  20. А
    аскар 10 жыл бұрын
    Әлхадиллә-бердібек ағамыздың ұлт намысын көтергеніне ризамын әр аймақтардағы әкімдерде осындай бағытты ұстаса ғой тіл мәртебесіне ерекше көңіл бөліп бір орыс сөйлесе соған ілесіп шәуілдей. жөнелмей