Оралдық жастар құқық бұзушылыққа қарсы дөңгелек үстел ұйымдастырды

Аталмыш шараны Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен облыс жастарының Қауымдастығы ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге қатысқан прокуратура, жергілікті полиция қызметкерлері халық арасында «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру турасында түсінік жүргізді. Ең алдымен құқық қорғау органдарының жұмысын құқық бұзушылықтың алдын алуға бағыттау қажеттігі айтылды.

Басқосуда облыс жастары Қауымдастығының төрағасы Манарбек Әжікенов жастар қоғамдағы құбылыстарды дұрыс қабылдауы керек екенін айтты.

«Жастар және олардың ең бір саналы бөлігі – студенттер бүгінгі қоғамда болып жатқан құбылыстарды дұрыс түсініп, бағамдай біліп, құқық бұзушылықтың алдын алуда белсенділік танытулары тиіс», — деді Манарбек Әжікенов.

Айта кетейік, прокуратура органдары «мүлдем төзбеушілік» қағидаты аясында «Өзіңнен баста» жобасын бастады. Сондай-ақ, «Куәгер» жобасын жасақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: облыс тұрғындарының әлеуметтік көңіл-күйін қалыптастыру, азаматтық қоғам институттарын дамыту мен қолдау және аймақтың ақпараттық кеңістігінің бәсекелестік қабілетін арттыру жолымен қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған мемлекеттік ішкі саясатты тиімді жүзеге асыру болып табылады.

Ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие беру және жастар саясаты, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салалардағы мәселелер бойынша өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу негізгі функциялары болып табылады.

Тоқтар Ғабдірешұлы