Астанада халықаралық «Жайдарман» ойыны өтеді

Сайысқа 10  команда қатысады. Соның ішінде Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Қырғызстан елдерінің құрамасы бар.

Аталмыш шараны Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы мен «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі бірлесіп өткізбек.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы уақытқа дейін «Жайдарман» ойыны қазақстандықтар сүйіп көретін телевизиялық жоба ретінде қалыптасты.

««Жайдарман»  ойындары  жастардың шығармашылық алаңы ғана емес, қоғамдағы түйткілді мәселелерді әзілмен астарлай жеткізетін өнер додасына айналған және қазақстандықтар сүйіп көретін телевизиялық жоба ретінде қалыптасты. «Жайдарман» алаңының мектеп жасындағы жеткіншектермен қатар студенттерді, жұмысшы жастарды қоса алғанда 200 мыңға жуық таланттыларды топтастырғаны көңіл қуантады», — дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, сайыс «Қазақстан» ұлттық арнасы эфирінен көрсетіледі.