Көкшетауда бүгіннен бастап жолақы қымбаттады

2017 жылдың 21 тамызынан бастап Көкшетау қаласында қоғамдық көлікпен жүру бағасы ересектер үшін 80 теңге, балаларға 40 теңге болды. Сондай-ақ, қоғамдық көлікте айлық жүру ақысы да қымбаттады.

Бұл қалада 2014 жылдан бері жолақы 60 теңге болған. Жол жүру ақысын көтеруге облыс орталығындағы автопарктердің шығындарының шамадан тыс көбейіп кетуі себеп. Осы мақсатта тасымалдаушы компаниялар қала әкімдігіне тарифті көтеру туралы бірнеше рет ұсыныс жасаған. Бұл ұсыныс қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында да қолдау тауып, бүгінен бастап, күшіне еніп отыр.