Басты бетЖаңалықтар"Көзайым" телехикаясының...

«Көзайым» телехикаясының екінші маусымдағы түсірілімі басталды

Жаңа маусымның режиссері болып Жасұлан Пошанов бекітілді.

Телехикаядағы басты Көзайымның рөлін Ақниет Беласарова сомдайды.

Көзайым
©brod.kz

Бас продюсер Салтанат Қалиева жаңа маусымда қандай өзгерістер орын алатыны туралы айтып берді.

Көзайым
©Brod.kz

«Жоба жаңаша көзқараста шығу үшін режиссер мен қоюшы операторларға жаңа  маман алдық. Алғашқы маусымда басты рөлде ойнаған Маржан Қалыбек тұрмысқа шықты да, шетелге көшіп кетті. Актерлік құрамда басқа өзгешелік  жоқ. Екінші маусымда көрермендер жаңа кейіпкерлер мен күтпеген оқиғалардың куәсі болады. Бірінші маусым жоғарғы рейтинг жинағандықтан, «Қазақстан» телеарнасынан екінші маусымды түсіру жөнінде ұсыныс түсті, — дейді бас продюсер Салтанат Қалиева.

Телехикаяның екінші сезонында қосалқы рөлдерде Батыр Байназаров, Нұрболат Абдуллин, Ерік Жолжақсынов, Айгүл Иманбаева, Азат Сейтметов, Әділ Ахметов, Асхат Үрпеко және Райхан Айткожанова сынды әртістер ойнайды.

Айта кетейік, «Көзайымның» екінші маусымы қыркүйек айында аяқталады. Ал эфирден келесі жылы көрсетіледі.