Барселонадағы террактіні «Ислам мемлекеті» өз жауапкершілігіне алды

Испания билігі жарылыстан кемінде 13 адам қаза тауып, жүзден астамы жараланған. 17 тамызда жүк көлігі Барселона орталығындағы Рамбл туристік орнында көпшілікті басып өткен. Жергілікті билік шабуыл жасаған екі адамды ұстағанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, арнайы операция жүргізіліп, Испания полициясы төрт адамға оқ атып, біреуін жаралаған. Олардың айтуынша, Барселонадағы шабуыл тек жоспарланған терактілердің біреуі ғана болуы мүмкін. Сол себепті қала тұрғындары мен қонақтарынан көшеге шықпауын сұрады.

Қазір Испанияда шабуылдаған көлік жүргізушісін ұстау үшін жаппай антитеррорлық операция жүріп жатыр.

Соңғы жылдары террористік ұйымдар халық көп жүретін жерлерді көлікпен басып өту тәсілдеріне көшкен. Дәл осындай шабуылдар бір жыл ішінде Еуропаның Ницце, Берлин, Лондон және Стокгольм қалаларында орын алып, жүзден асам адам қаза тапты.

ДереккөзCentralasian.org