«Саламатты Қазақстан» пойызы Арқада

Тіс дәрігері Маржан Мүкпенова бастаған «Саламатты Қазақстан» пойызы дəрігерлер бригадасының құрамында 25 бірінші және жоғары санатты медицина мамандары болды.

Гинеколог, терапевт, невропатолог, кардиолог, оташы, офтальмолог, педиатр, тіс дәрігері, рентгенолог және өзге сала өкілдері екі күн бойы Ерейментау стансасында тұрғындарға медициналық қызмет көрсетті.

Мәселен, бір ғана Торғай стансасында 96 адам, оның ішінде 5 бала жоғары білікті мамандарға қаралды.