Қазақстанның Қарулы Күштері сарбаздарын жауынгерлікке баулу үшін батальондық тактикалық топтармен оқу-жаттығу жиыны басталды. Жиынның басты мақсаты — жауынгерлердің білімдерін арттырып, әскери дағдылары мен шеберліктерін дамыту.
Әскери бөлімдер мен құрамалар оқу-жаттығудың төрт кезеңі бойынша әртүрлі тапсырмаларды орындайды. Оқу-жаттығу полигондарында күндіз және түнде жерүсті және әуе нысаналары бойынша атыстың жүргізілуін қарастыратын қажетті жағдай жасалған.
Жалпы алғанда, оқу-жаттығу жиынына 4000-нан аса әскери қызметші, 300 бірліктен аса қару-жарақ пен әскери техника қатысуда.
Айта кетейік, оқу-жаттығу жиыны 25 тамызға дейін өтеді.