Аталмыш мемлекеттің павильонына келушілер саны көп. Самоа мемлекеті көрмеге баламалы қуат көздерін пайдаланудың түрлі жобасын ұсынған. Олар жасыл энергетиканы пайдалануды қолдайды. Самоа тұрақты дамуының жаһандық мақсаты — жаңартылатын энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Шара барысында Мисс Самоа 5 халық биін билеп, өз өнерін көрсетті. Сондай-ақ, павильонда түрлі қызықты шаралар ұйымдастырылуда.
Жиынның ресми бөлігінде Самоа қаржы министрінің орынбасары Мулипола Лейатауа Лаки Мулиполаның айтуынша, энергия барлық салалармен ғана емес, аралдар, елдер мен ұлттарды да байланыстыратын қажетті ресурс.
«Болашақ энергиясы» тақырыбының маңыздылығын ескере отырып, Самоа үкіметі ЭКСПО-2017 көрмесіне қолдау көрсетеді. Адамзаттың энергияны шамадан тыс пайдалануы сынды жаһандық мәселелерді шешуде ЭКСПО-ның маңызы зор. Самоаның климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ негiздемелік конвенциясы және 2025 жылға дейін электроэнергия өндірісі үшін жаңартылатын энергия көздерінің 100% қолданылуын енгізу арқылы парниктік газ қалдықтарын қысқарту жөніндегі климаттық міндеттемелерінің айнымастығын растаймыз. Тұрақты энергиямен қамтамасыз ету саласындағы Энергетика секторының мақсаты аясында «Өмір сүру деңгейін жақсарту» атты жаңа мемлекеттік саясат көмегімен Самоа осы мақсатты жүзеге асыруда. Қазақстан креспубликасы үкіметіне осы беделді іс-шараға қатысу мүмкіндігі үшін алғысымызды білдіреміз», — деді Самоа Қаржы министрінің орынбасары.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева ұлттық күндерді өткізу әр елдің мәдениетімен танысуға мүмкіндік беретінін айтты.
«Ұлттық күндер көрмеге қатысушы мемлекеттердің арасындағы қатынасты нығайтуға жәрдемдесетін халықаралық мәдени алмасу құралы болып табылады. Ұлттық күнді өткізу қатысушыларға ұлттық мәдениетінің өмір салтын паш етуге мүмкіндік береді. Қазақстан Самоа тәуелсіз мемлекетінің түрлі салалардағы тәжірибесін зерттеуге мүдделі. Екі елдің әлеуметтік игілігі үшін серіктестікке дайынбыз. Самоа экспозициясында энергетика саласындағы соңғы жобалар мен елдің салт-дәстүрі, мәдениеті көрсетіледі. ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз», — деді ол.
Самоа мемелекеті қазірдің өзінде энергетикалық қажеттіліктерінің 20 пайызын жанданбалы қуат көздерінің есебінен өтеп отыр. Ал 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу туралы нақты жоспарлары бар.
Айта кетейік, келушілерге Тынық Мұхит Плазасы бойынша әсерлі экскурсия жүргізіледі.