Әскери теңіз күштерінде «Теңізшінің бір күні» акциясы өтті

Оқушылар «Орал» зымырандық-артиллериялық кемесінде Әскери теңіз күштерінің қызметімен танысты. Оларға теңізшілердің күн тәртібінің қалай өткізілетіндігі, жауынгерлік оқу және әскери қызмет жайлы түсініктеме берілді. Кеме командирі капитан-лейтенант Асқар Қапашев акцияға қатысушылармен сұхбаттасып, болашақ Отан қорғаушыларға Әскери теңіз күштерінің жарқын келешегі жайлы баяндап берді. Сондай-ақ акцияға қатысушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.

Әскери теңіз күштері, акция

Акция барысында қонақтармен бірге теңізшілердің дәстүрлі салттары орындалды. Ал шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

«Бүгін біз теңізшілердің бір күндік өмірін өз көзімізбен көріп, тамашалай алдық. Бұл өте қызық әрі әсерлі акция болды»,  – дейді халықаралық академияның тәрбиеленушісі Алихан Тоқтамыс.