«Астана» – «Селтик» кездесуін Қазмедиа орталығының бас экранынан көруге болады

16 тамыздан 17 тамызға қараған түні сағат 00.45-те «Астана» және «Селтик» командалары арасында өтетін ойын Арбатта жазғы кинотеатрдың экранында және Қазмедиа орталығының Нұржол желекжолы жағында орнатылған бас экранынан  тікелей эфирде көрсетілетін болады. Ойын турнирдің ең беделдісі- УЕФА Чемпиондар лигасының аясында өтпек.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы маусымда «Астана» ФК еуропалық турнирдің 2 және 3 квалификациялық раундынан өтті, аталмыш команда латвиялық «Спартак» (1:0, 1:1) және польшалық «Легия» (3:1, 0:1) командаларын ұтқан болатын. «Астана» командасының қарсыласы «Селтик» командасы Солтүстік Ирландиялық «Линфилд»  (2:0, 4:0) және норвеждік «Русенборг» (0:0, 1:0) командасын ұтқан.