Қауын мен қарбызды тоңазытқышқа қоймаңыз

Аптап ыстықта салқын қауын-қарбыз жегің келеді. Алайда, тоңазытқышта тұрған, мұздатылған немесе жай ғана салқындатылған қауын-қарбыз өзінің тағамдық құндылығын жоғалтады. Төмен температурада оның құрамындағы антиоксидианттар жойылып кетеді. Қауын мен қарбызды мейлінше бөлме температурасында сақтаған дұрыс. Сабағынан үзіп алсаңыз да олар бөлме температурасында пісіп-жетілуін жалғастыра беретін қасиетке ие.

Кесілген қауын-қарбыз сатып алмаңыз

Дүкеннен немесе базардан қауын-қарбыз сатып аларда оның піскен-піспегеніне, қызыл, тәтті екеніне көз жеткізу үшін белгі салдырып, кестіріп көретіндерді жиі кездестіреміз. Үлкен қарбыздың жартысын жеп, қалғанын ертеңге қалдыратындар да бар. Бұл дұрыс емес. Қауын-қарбыз кесілген соң оған инфекция мен микробтар қонып алады. Кесілген, біраз уақыт тұрып қалған өнімдер түрлі аурулар туғызуы мүмкін. Сондықтан, аталған өнімдерді балғын, жаңа кесілген күйінде жеген пайдалы.

Күніне бір-ақ рет жеу керек

Қауын-қарбыздың күнделікті ас мәзірінде болғаны жақсы. Алайда, бұл таңғы асқа да, түскі асқа да, кешкі асқа да жеу керек деген сөз емес. Қауын-қарбызды күніне бір-ақ рет жеген абзал. Күнделікті тұтыну артық салмақ жинауға әкеп соғуы мүмкін.

Тоқбасарға жемеңіз

Қауын мен қарбызды тамаққа дейін бір жарым сағат бұрын немесе тамақтан кейін екі сағаттан соң жеу керек. Тоқбасарға қолдану, тамақпен қатар жеу ас қорыту жұмысын нашарлатады. Себебі, тамақтар асқазанда қорытылса, қауын-қарбыз ішек жолдарында қорытылып кетеді.

3 пікір

  1. Темірхан амина
    ???????????????????????? ????????????✨????❇

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!