14 тамызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін Астанада көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 23-25 градус жылы болады.

Алматыда да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы болады. Күндіз +26-28 градусқа дейін ысиды.

Ақмола облысында күн бұлтты, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-12 градус жылы болады. Күндіз 23-28 градус жылы.

Ақтөбе облысында күн бұлтты, найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде 8-13 градус жылы болады. Күндіз +20-25 градус шамасында.

Алматы облысында күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +9… +14 градус, күндіз 24-29 градус жылы.

Атырау облысында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде 17-22 градус жылы, күндіз +28…+33 градус ыстық болады.

Шығыс Қазақстан облысында күн ашық. Ауа температурасы түнде +5…+10 градус, күндіз 17-22 градус жылы болады.

Жамбыл облысында көшпелі бұлт шығады. Ауа температурасы түнде +8…+13 градус жылы, күндіз 27-32 градус ыстық болады.

Батыс Қазақстан облысында көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Ауа температурасы түнде +8…+13 градус жылы, күндіз 27-32 градус ыстық болады.

Қарағанды облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде7-12 градус жылы, күндіз +22…+27.

Қостанай облысында күн бұлтты, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Өңір аумағында түнде 8-13 градус жылы, күндіз +18…+23.

Қызылорда облысында күн бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 27-32 градусты құрайды.

Маңғыстау облысында күн ашық. Түнде ауа температурасы 20-25 жылы болады, күндіз +30…+35.

Павлодар облысында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 19-24 градусты құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысында көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде ауа температурасы +8…+13 градус, күндіз +22 +27 градус.

Оңтүстік Қазақстан облысында күн ашық. Түнде ауа температурасы 12-17 жылы, күндіз 30-35 градус ыстық болады.