Биыл 30 тамыз Конституция күні сәрсенбіге, ал Құрбан айт 1 қыркүйек – жұмаға түсіп отыр. Осылайша қазақстандықтар 30 тамыз және 1 қыркүйек күндері қосымша демалыс алады.
Ал 31 тамыз, бейсенбі – жұмыс күні.
2-3 қыркүйек күндері сенбі, жексенбіге түскендіктен, қазақстандықтар Құрбан айттың үш күнінде де демалады.
Сонымен, аталған мерекелер мен демалыс күндерін қосқанда, 4 күн демаламыз.
ҚР Қонституциясы 1995 жылдың 30 тамызында қабылданды. Құрбан айт мерекесі – мұсылман мемлекеттерінің, оның ішінде еліміздің басты діни мерекелерінің бірі.