Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен танысады

Бақытжан Сағынтаев Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселелері жөнінде кеңес, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшелерімен ШОБ-ті дамыту мәселелері бойынша кездесу, сондай-ақ Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы мен «Cерпін» әлеуметтік жобасын іске асыру туралы кеңес өткізеді деп күтілуде.

Бұдан өзге, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Көкшетау қаласының Жұмыспен қамту орталығының жұмысымен және «Щучинск – Бурабай» автожолын жөндеу сапасымен танысады.

Анықтама:

Өңірде «Қазақстан жауһары» аталып кеткен Бурабай ұлттық саябағы бар, онда 14 ірі көл, оның ішінде Бурабай, Шортанды, Қотыркөл және көптеген ұсақ көлдер орналасқан. Бурабай фаунасында омыртқалылардың 300-ге жуық түрі, флорасында – орман, дала, сортаң өсімдіктерінің 800-ге жуық түрі бар. Мұнда сондай-ақ көптеген шипажайлар мен балшықпен емдейтін орындар орналасқан.

Ақмола облысының ірі және жүйе құраушы кәсіпорындары «Altyntau Kokshetau» АҚ, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, «ЕПК-Степногорск» АҚ, «Қазақалтын» ТМК» АҚ және «СГХК» ЖШС болып табылады. Индустрияландыру картасы аясында облыста 623,3 млрд теңге инвестиция көлемімен 17 жобаны іске асыру жалғасуда. 2017 жылы ИИДМБ аясында олардың құны 95,4 млрд теңге болатын 1 119 жұмыс орнын құрумен 7 жобасын енгізу жоспарланған.

«Есіл Агро» ЖШС кәсіпорны 2009 жылы ашылған және қазіргі таңда мұнда сүт беру бағытында — 1 609 ірі қара мал мен ет беру бағытында – 387 мал басы бар. Бұдан өзге, мұнда 87 000 га а/ш алқабы бар, соның ішінде егістік жер – 41 366 га және табиғи жайылым жері – 45 634 га. Олардың орташа өнімділігі бір гектардан 15 центнерді құрайды, олардың қатарында  дәнді-бұршақты дақылдар 22 500 тонна, майлы дақылдар – 2 500 тонна.