Қай мамандықтар бойынша білім грантын алу қиынға соқпақ?

Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығына өткен ең төменгі балл — 129, фармацевтика — 130, стоматология — 131, педиатрия — 126, жалпы медицина — 128, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі — 125, логистика — 128, мемлекеттік аудит — 126, халықаралық қатынастар — 126, әлемдік экономика — 125, қаржы — 124 балл болған.

Ал органикалық заттар мен бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, ағаш өңдеу технологиясы, материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы мамандықтарына тапсырған түлектер 50 баллмен білім грантына ие болды.