Қызық ерекшеліктер: Бай vs Кедей

Осы уақытқа дейін бай адамның кедей адамнан ерекшелігі тек олардың табыс деңгейінің мөлшерінде ғана деп есептесеңіз, онда сіз қателестіңіз. Себебі, ақша - кедей үшін өмірдің мақсаты, бай адам үшін мүмкіндік.

Бай кедей
©pravda-tv.ru

Әлеуметтік желі бай мен кедей айнасы

Байлар мен кедейлер арасындағы ерекшеліктерді анықтаған Пенсильвания Университетінің профессоры, лингвист – Дэниел Преотик-Пьетроның зерттеуінің нәтижесі бойынша, адамдар өзінің жалақысы және әлеуметтік жағдайы жайлы өздерінің әлеуметтік желі парақшаларында баян етеді. Ол үшін компьютерлік программаның көмегімен профессор 5191 адамның Twitter  парашасындағы 10 млн хатқа анализ жүргізген. Нәтижесінде:

Табысы жоғары азаматтар:

  • Артық эмоциялары – қорқыныш пен үрей;
  • Саяси және экономикалық, коммерциялық емес ұйымдардың қызметтерін талқылайды. Көбіне өздерінің ойларын баяндайды, танымал ғаламтор «приколдарын» жақтырмайды;
  • Әлеуметтік желіні кәсіби мақсатта және ақпарат тарату үшін пайдаланады. Жазылушылары көп келеді.

Табысы төмен азаматтар:

  • Артық эмоциялары – оптимизм мен қуаныш. Көбіне ұятты сөздер пайдаланады;
  • Көбіне жеке тақырыптарды талқылағанды жөн көреді (мысалға, қалаай арықтау не әдемі көріну) немесе «приколдар», афоризмдер мен нақыл сөздермен көп бөліседі;
  • Әлеуметтік желіні жақын таныстарымен байланыс орнату үшін пайдаланады. Жазылушылары аз келеді.

Қатыгездік – байларға тән қасиет

Ал Аризона Университетінің профессоры, нейробиолог Михаэль Варнум байлардың бойынан мейірімсіздік, қатыгездік, рақымсыздық секілді жаман қасиеттер анықтаған. Байлардың мәдениеті мен білімінің жоғарлығына қарамастан, адамдардың қайғы қасіретіне  аяушылық танытуы қиын екенін байқайды. Оның айтуынша, әлеуметтік-экономикасы неғұрлым жоғары адамдардың нервтік жүйесі басқа адамның қайғысына аз көңіл аударады және ауқатты азаматтар көбіне жеке өзінің мәселелері мен сезіміне көңіл аударып, айналадағыларға аса қатты мән бере қоймайды екен.

Өмірі сәтті қалыптасқан азаматтардың мейірімділігінің аз болуы олардың өзімшілдігінің тым жоғары болғандығынан. Себебі олар өзінің жеткен жетістігін тек өз күшімен жеткен деп есептейді.

 Бай мен кедей адамның әдеттері

Браун Университеттерінің мамандарының зерттеу тұжырымы бойынша:

  • Бай адамдардың 81% күнделікті күнге жоспар жасайды. Ал кедейлер арасында тек 9% күнделікті жоспар жүргізумен айналысады.
  • 88% бай адам күніне 30 минуттан көп көркем әдеби кітаптар оқиды. Кедейлердің арасында небәрі 2% кітап оқиды.
  • 75% аса кедейлер үнемі реалити-шоулар қарап отырса, байлардың арасында тек 5 % ғана осындай бағдарламаларды тамашалайды.
  • Байлардың 86 пайызы өзін-өзі дамыту бойынша айналысса, кедейлер арасында өзіне қосымша тапсырмалар жүктейтіндердің шамасы бар болғаны 5%.

Не десек те, өмір атты кеменің тізгіні өз қолыңызда. Демек бай немесе кедей болу өзіңізге байланысты!

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!