Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Әдептілік әліппесі: әр адам білу керек бес ереже

©Beauty-women.club

Кинотеатрға, концертке немесе театрға барғанда бірінші болып ер адам өтуі керек. Көп жағдайда ер адамдар әйелдерге ілтипат көрсетіп, алдымен өткізеді. Этикет ережелері бойынша бұл қате. Қатардан өз орныңа өткенде адамдарға бетпе-бет қарап өту керек.

Театр
©aif.ru

Біреуге қонаққа бармас бұрын алдын-ала ескерткен дұрыс. Есік қоңырауын басқан соң барып келгеніңді ескерту — әдепсіздік. Ал егер сіздің үйіңізге біреу ескертусіз келсе қатты ыңғайсыздануға себеп жоқ.

Қонақ
©shkolazhizni.ru

Қолшатырды ашып қойып кептіруге болмайды. Қонаққа барғанда немесе жұмыс орнында сіздің бұл әрекетіңіз ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Сондықтан, су болған қолшатырды арнайы кептіретін орынға қойыңыз, ол болмаса жабық күйінде елеусіз орынға тіреп қойыңыз.

Қолшатыр
©Beauty-women.club

Қол сөмкеңізді тізеңіздің үстіне немесе дастархан басына қоюға болмайды. Портфельді жерге қою керек. Егер сөменің ілгегі болса, оны орындықтың жиегіне іліп қоюға болады.

Сумка
©aif.ru

Әшекей таққанды жақсы көресіз бе? Алайда, әлемдік сән ережесі бойынша бойынша бойыңыздағы аксессуарлардың саны 13-тен аспауы керек. Оның құрамына сөмке, бас киім де кіретінін ұмытпаңыз.

Сән
©Beauty-women.club

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *