Алматының су құбырларында болатын апатты ескертетін құрылғы орнатылуда

Алматыда құбыр жарылып, асфальтталған жолдан диаметрі шамамен бір метр болатын шұңқыр пайда болды. Апат болған кезде жолда адамдар да, көлік те болмаған. Қазір төтенше жағдай орны оқшауланып, су құбырын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, жарылған құбыр 80 жылдан бері ауыстырылмаған. Сондықтан тозығы жеткен құбырдың қай уақытта жарылатынын алдын ала  ешкім болжай алмады, — деп отыр. Енді құбырларға орнатылып жатқан жаңа құрылғылардың жұмысы диспетчерлердің үнемі бақылауында болатынын айтты, деп хабарлады «Астана» арнасы.

Алматы қаласы «Жылуэнергокешені» кәсіпорнының ресми өкілі Ян Гириннің айтуынша, жаңа құрылғылардың көмегімен кез-келген жердегі су және жылу құбырларындағы ақауды алдын ала көруге болады.

«Жылуэнергокешені» кәсіпорнының дерегінше, жалпы қала құбырларының 60 пайызы күрделі жөндеуді қажет етеді. Оларды қалпына келтіру жұмысы бірнеше жылға жалғасады.