«Оңай» карталарын сату орындары өзгерді

Алматы қаласы Көлік холдингінің директоры Садир Хамраевтың айтуынша, карталарды сату орындарының өзгеруіне екі жүзден астам сауда нүктесі бар «Дауыс» киоскілерінің жабылуы себеп болған.

«Екі жүзден астам сауда нүктесі бар «Дауыс» желісі киоскілерінің жабылуы қала тұрғындары арасында біршама алаңдаушылық тудырып, карталарды сату барысына бірқатар өзгеріс енгізді. Өз тарапымыздан, карталардың жетіспеушілігінен үрейленген алматылықтарды сабырға шақырып,  www.onay.kz сайтында «Оңай» картасы сатылатын басқа да сауда бекеттерінің тізімі бар екендігін хабарлаймыз. Карталар бұл бекеттерге күн сайын жеткізіледі. «Караван» киоскілеріне оларды күніне екі рет тасымалдайды. Сауда бекеттерінде қолда бар карталар мөлшері 30-дан 150-ге дейін артты. Сонымен қатар, «Оңай» Бірыңғай көлік картасының ресми бағасы 400 теңге екенін тағы бір мәрте ескертемін»,- деді Садир Хамраев.

«Оңай» картасының сауда бекеттері:

  • «Караван» желісі киоскілерінде;
  • Akson-mobile байланыс салондарында;
  • Z-PRESS нүктелерінде;
  • «Рожаев Б.Г.» ЖК сауда желісі нүктелерінде;
  • әуежай, «Сайран» автовокзалы;
  • «Алматы қаласы Көлік холдингі» ЖШС ғимаратында (Рысқұлбеков к-сі 33/1);
  • «Транспортная карта» ЖШС ғимаратында (Емцова к-сі, 47);
  • «RIXOS» қонақ үйінде;