Алматыдағы Наурызбай ауданына жаңа су құбырлары орнатылмақ

«Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасының аясында аталған ауданда 3 жылда 120-дан астам шақырым су, 80 шақырым кәріз құбырлары жүргізілген.

Наурызбай ауданының әкімі Сайран Сайфеденовтің айтуынша, абоненттік бөлім арқылы аудан тұрғындары мекемелермен келісім шартқа отыруы тиіс.

«Қазіргі таңда абоненттік бөлім ашылды. Әрбір тұрғындар келіп өздерінің арыздарын жазып, қазірден бастап, болашақта су құбырына қосылу және кәріз құбырларына қосылу үшін белгілі мекемелермен келісім-шартқа отыру керек»,- деді Сайран Сайфеденов.

Айта кетейік, су беру жұмыстары тамыз айының соңында басталмақ.