Жеті күн аралығында Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдерінің әскери қызметкерлері ең мықты әскери-қолданбалы спорт түрлерінен бақ сынасты (әскери қол жұмсайтын ұрыс, гір спорты, әскери-спорттық көпсайыс, офицерлердің үшсайысы, табельдік қарумен ату және командирлік старт).
Қазақстанның әскери қызметкерлері қол жұмсайтын ұрыс спорт түрі бойынша төрт алтын және екі қола медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ отандастарымыз командирлік старт спорт түрі бойынша екі алтын, бар күміс және бір қола медаль иеленді.
Гір спорты бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Әскери спортшыларымыз бір алтын, екі күміс және үш қола жүлдені еншіледі.
Ал әскери-спорттық көпсайыс кезінде қазақстандық әскери қызметкерлер тұғырдың үштігіне көтерілді.
Жалпыкомандалық есеп бойынша Қазақстан құрамасы 20 медалмен екінші орынды иеленді. Оның ішінде 7 алтын, 6 күміс, 7 қола қазақстандықтардың қоржынына ілікті. Ал бірінші орын 21 медаль иеленген Ресей Федерациясының құрамына бұйырды. Оның ішінде алтын жүлде саны — 14. Жүлделі үшінші орын 5 медалмен Қырғызстан Республикасына тиесілі болды. Одан кейінгі орындарға Беларуссия, Тәжікстан және Армения елдері жайғасты.
«Ұйымдастырылуы бойынша II әскери-спорттық ойындар жоғары дәрежеде өтті. Барлық қатысушылардың дайындығы байқалды. Қазақстан қарулы күштерінің әскери қызметкерлері төрт спорт түрі бойынша алты кубок жеңіп алды. Бұл шара әскери-қолданбалы спорттың дамуына бағытталған. Сондай-ақ мемлекеттер арасындағы достықты арттыра түсті,» – деді спорт комитетінің төрағасы, подполковник Расул Меирманов.