Елордада Үлескерді қолдау орталығы ашылды

Орталықтың басты ерекшелігі: жұмыс «бір терезе» принципі бойынша атқарылады, мемлекеттік орган өкілдеріне үлескерлердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді және құқықтық мәселелер бойынша уақытылы кеңес беру орталығы жұмыс істейді.

Қызметтің негізгі бағыты — өтініштерді қабылдау мен оны жедел қарастыру, қылмыстық істер, азаматтық және әкімшілік істер бойынша болмаған сот актілері бойынша тексеру барысы туралы ақпараттандыру.

Сондай-ақ, орталықта прокуратура, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің, тергеу органдарының, басқа да мемлекеттік қызмет пен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қызмет көрсетеді.

Орталық аптасына 3 рет сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін жұмыс істейтін болады (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма).

Айта кетейік, Үлескерлерді қолдау орталығы Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында орналасқан. Мекен-жай: Астана қ., С409 көшесі, 13 үй (С. Сейфуллин көшесінің басы).