Елімізде діни бірлестіктерге қатысты жаңа заң жобасы дайындалып жатыр

Заңнама жобасында діни білім алу тәртібін реттеу, жасөспірімдерді діни қызметке заңсыз тартуға жол бермеу, діни әдебиеттерді тарату тәртібін жетілдіру және тағы басқа да мәселелер бар. Заңнамалық өзгерістер еліміздің барлық азаматтарының мүддесін ескеріп қабылданады. Мәселен, Министрлікке кәмелетке толмаған жасөспірімдерді діни қызметке заңсыз тартуға тосқауыл қою мәселесін шешу туралы тұрғындардан ұсыныстар түсуде.

Мұның екі жағы бар. Біріншісі –үйде діни сенімнің шектен тыс уағыздалуы. Біз ата-аналар өз балаларын өздерінің діни сеніміне сай тәрбиелеуіне қарсы емеспіз. Десек те, балаға діннің шамадан тыс уағыздалуы оның әлеуметтік ортадан шеттелуіне, жора-жол­дас­тарымен араласпауына алып келетінін және осыдан туындайтын болашақ салдарларды ата-ананың жете сезінуі керек деп ойлаймын.

Екінші жағы – жасөспірімдердің өз бетінше дінге бой алдыруының қауіптілігі. Бұл жағдайда, керісінше, ата-ана балаларының қызығушылығынан бейхабар болып келеді.

Еске сала кетейік, 2016 жылы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің құрылды. Аталмыш министрлік елде конфессияаралық келісімді дамыту, азаматтық қоғамды өркендету мен жастар саясатын кемелдендіру мақсатында кешенді жұмыстар жүргізуде.