Бүгін Сурдлимпиада жеңімпаздары Алматыға келді

Қазақстан құрамасы Сурдлимпиадада 7 медальға ие болып, 25-ші орынға табан тіреді.. 7 медальдің біреуі алтын, біреуі күміс және бесеуі қола.

«Сурдлимпиада ойындары тарихындағы ең үздік көрсеткішке қол жеткіздік. Аян Әбдраш таеквондодан алтын медаль алса, дзюдошы Шаяхмет Қанапьянов күміс медаль иеленді. Қола медальді таеквондошы Валентина Антоненко, грек-рим күресінің шебері  Хайтархан Шонгу, каратэден Елена Салминаға, еркін күрес шебері  Асылжан Тажиев алды. Қазақстан құрамасы .стел тениисінен командалық жарыста үшінші орынға қол жеткізді»,- деп хабарлады Спорт комитеті.

XIII Сурдлимпиада ойындары 18-30 шілде күндері Түркияның Самсун қаласында өтті. Жарысқа үш мың спортшы қатысты.

Еліміздің 50-ге жуық спортшысы 9 спорт түрі бойынша бақ сынасты. Олар еркін және грек-рим күресі, самбо, жеңіл атлетика, жүзу, таеквондо, үстел теннисі және спорттық бағдарлама бойынша сынға түсті.

ДереккөзInform.kz