Еламан Ерғалиев: Армияның орталық спорт клубы — спортшылардың ұстаханасы

Еламан Ерғалиевпен кездесу барысында спортшы балаларға чемпион болуға не керек екенін айтып беріп, өзінің әрі қарайғы жоспарларымен бөлісті, балалардың қойған сұрақтарына да жауап берді.

«Армияның орталық спорт клубы – бұл спортшылардың ұстаханасы. Мұнда спортпен шұғылдану үшін барлық жағдай жасалған. Лагерьге барғаннан кейін балалардың көбісінде спортпен айналысуға деген қызығушылық пайда болатынына кәміл сенімдімін», — дейді Еламан Ерғалиев.

Еламан Ерғалиевпен кездесу

Айта кетейік, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық лагері әскери қызметшілердің балаларына арналған. Оны биылғы жылдың маусым айында ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының оқу-жаттықтыру орталығында ашылды. Онда балаларға арналған түрлі мәдени-тынығу және спорттық іс-шаралардың кең ауқымы қарастырылған. Атап айтсақ, Алматы қаласының көрікті жерлеріне экскурсия жасау, концерттік бағдарламалар өткізу, әртүрлі ойын-сауық байқаулары, АОСК-ның танымал олимпиадалық спортшыларымен кездесу және тағы да басқа шаралар. 

"Жас сарбаз" лагерінің балалары

Қазіргі уақытта лагерьде демалуға балалардың төртінші легі келген.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да