Назарбаев Ақтөбе облысының әкімі болып таяудан бері, бірнеше айдан бері жұмыс істеп жатқан Бердібек Сапарбаевпен облыс әкімдерінің жұмысын талқылағанын айтып берді.
«Ол маған баяндап, біздер қазіргі жағдайда әрбір облыс балансты қалай ұстау қажеттігін талқыладық. Мәселен, мен өнім шығарып, 80 пайыз қамтамасыз етемін, тапшылық — мынадай. Ал маған қажетті өнім көрші облыста шығарылады. Балықты Атыраудан немесе балығы бар басқа өңірден алуға болады. Мәселен, Ақтөбе облысы көкөністі Оңтүстік Қазақстаннан алады, арнайы келісім жасасқан», — деді Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі барысында.
Оның айтуынша, Сарығаш ауданында жеміс-жидек пен көкөніске үлкен терминал салатын болсақ, өзіміздің және өзбектің өнімін бір бағамен сатып алып, бүкіл Қазақстанға жеткізуге болады.
«Бүгінгі күні Маңғыстау облысы астықты Қостанай облысына жеткізуді жақсы жолға қойған. Соның нәтижесінде бүгінде өзін ғана емес сонымен бірге Атырау облысын да ұнмен қамтамасыз етіп отыр. Неге осылай жұмыс істемейсіздер? Облыс әкімі болсаң сен князсың ба? Енді жан-жағыңа, ешкімге қарамайсың. Кім саған бұлай жасауға мүмкіндік берді? Қараңдар, егер біздің елде өңірлерде бірнеше облыс «Орталық-Оңтүстік-Солтүстік-Батыс-Шығыс» бойынша кооперация жасайтын болсақ, онда бірін-бірі қамтамасыз ете алады. Қалғаны шамалы ғана. Оны қажет болса әкелуге болады. Демек шығар жол бар. Бірлесіп жұмыс істеңдер», — деді мемлекет басшысы.