Басты бетАлдағы 3...

Алдағы 3 жыл ішінде тұрмысқа шығуды жоспарлап жүрмін — Гүлназ Жоланова

Гүлназ Жоланова болашақта ауыр образды рөлдегі кейіпкерді сомдағысы келеді екен.

«Осыған дейін ауыр рөлдерім болмапты. Отандық кинодағы қазақ қызы образдарының көпшілігі маған жақын болып келеді. Менде шынайылыққа қайта бейімделетіндей психологиялық аурумен ауыратын кейіпкер рөлі болған емес. Дегенмен, ауыр образдың рөлін сомдап көргім келеді. Актер кейіпкерлер образына қатысты шектелмеу қажет. Әр рөл өзінше қызық, әр образ – өз-өзіңмен күресу», — деді актриса.

Ол өмірбаянға құрылған фильмде ойнағысы келетінін де жасырмады.

Гүлназ Жоланова
©lofficiel.kz

«Сонымен қатар, мен өмірбаянға құрылған фильмде ойнағым келеді. Кейіпкердің бүкіл өмірін тұла бойыңнан өткізе отырып, оның жас кезін, ересек пен қарттық шағын сомдау өте қызықты»,- деді Гүлназ Жоланова.

Актриса сұхбат барысында жеке өмірі жайында да айтып берді.

Гүлназ Жоланова
©lofficiel.kz

«Биыл мен 24 жасқа толамын. әрине, екінші жартымды жолықтырып, отбасын құрғым келеді. алдағы үш жылдың ішінде тұрмысқа шығуды жоспарлап жүрмін»,-деді ол.

Жақын уақытта анасын Алматыға көшіріп алуды да Гүлназ жоспарлап қойыпты.

«Ең жақын адамымның алыста болғанын қаламаймын. Өмірімнің әр сәтінде қасымда болса екен», — дейді ол.

Айта кетейік, Гүлназ Жоланова қазір «Қазақша кәсіп Америкада» фильмінің түсіріліміне дайындалып жүр.

Дереккөзlofficiel.kz