Елордада 14 мыңнан астам пәтер пайдаланылуға берілді

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1 510 533 шаршы метрді құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың қаңтар-маусымдағы деңгейден 33,2%-ға жоғары.

Астанада 2017 жылғы қаңтар-маусымда тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты шығыны 150,5 мың теңгені, оның ішінде жеке салушылармен тұрғызылғаны 77,4 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ биылғы қаңтар-маусымда облыс аумағында жалпы алаңы 255,9 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді.