Алдағы үш тәулікте Қазақстанның көптеген облыстарында жауын-шашын болмайды.
Республиканың оңтүстік бөлігінде қатты ыстық болады, термометр бағаны күндіз +40-45º С -қа дейін жоғарылайды.
Қазақстанның солтүстігінде күндіз ауа температурасы +27-33, кей жерлерде +35-38º С-қа дейін көтеріледі.
Бірқатар облыстарда аптап ыстықтың салдарынан ескерту жарияланып үлгерді.
25-29 шілде аралығында күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-42 градусқа дейінгі аптап ыстық болуы мүмкін. Аталған күндері Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы 45 градусқа дейін жетуі мүмкін.
26-30 шілде күндері Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде 40-43 градус ыстық болады деп болжануда.