Головкин — Альварес жекпе-жегінің жабық көрсетілімі 75 доллар тұрады

Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді. T-Mobile Arena-да өтетін жекпе-жектің барлық билеттері сатылып кеткен.

Сауль Альварес Головкин

Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жегіне билет ала алмағандар Лас-Вегастың мәдени демалыс орталықтарында жабық түрдегі тікелей көрсетілімді көре алады. Оның құны — 75 доллар.

Жабық көрсетілім Bellagio Resort and Casino, MGM Grand Hotel and Casino, Mandalay Bay Resort and Casino, The Mirage Hotel and Casino, Monte Carlo Resort and Casino, New York-New York Hotel and Casino, Luxor Hotel and Casino и Circus Circus Las Vegas сияқты орындарда көрсетіледі.

«Жабық көрсетілім — Лас-Вегастағы мегажекпе-жекті тамашалуға арналған ең тиімді тәсіл, ол фанаттарға тартысты атмосфера әсерін қалдырады», — деді Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя.
ДереккөзVesti.kz