Дәрігерлер туралы отандық «Абзал жан» фильмі түсірілуде

Кинокартинаның негізгі жұмысымен «Бірінші шығармашылық бірлестік» компаниясы айналысуда.

Аталмыш фильм жөнінде продюсер Николай Пак айтып берді.

Абзал жан
©Brod.kz

«Абзал жан» ТМД елдерінің аумағында табысты болған ресейлік «Әйел дәрігері» хикаясының франшизасы болып табылады. Бұл жобаны Қазақстанда жасау идеясы «Хабар» телеарнасына тиесілі, олар кейіннен жұмысқа «Бірінші шығармашылық бірлестік» компаниясын да шақырды. Франшиза жұмысы 2017 жылдың басында басталды. Түсірілім тобы Киевке барып, картинаның түсірілім алаңында болып қайтты, суретшілерімен әңгімелесті. Фильмнің негізгі идеясы – өлімді және жаңа өмірді күнде көретін ақ халатты абзал жандардың өмірін көрсету», — деді ол.

Картинаға белгілі актерлар Қажымұқан Қалымбетов, Ербол Садырбаев, Қазбек Аташ, Ақмарал Дайрабаева және Азат Сейтметов, т.б. түскен.

Айта кетейік, хикаяның режиссері — Серікбол Өтепбергенов.

ДереккөзBrod.kz