Алматыда 500 адам қатысқан велошеру өтті

Велошеруге қатысушылар 12 шақырымдық қашықтықты «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан бастап, «Ғылым ордасы» мемлекеттік мекемесіне дейін жүріп өтті. Ұйымдастырушылар шара кезінде 2 тұрақты қатысушыға арнайы футболка беріп, велосақшы ретінде сайлады. Олар жол бойындағы қауіпсіздікті бақылап жүрді.

Велошеру

Велосақшының қызметін атқарған Әділет Алмаханов өз ойымен бөлісті.

Велошеру

«Бүгінгі велошеру мен үшін әдеттегідей жеңіл өтті. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Қала тұрғындары мен қонақтарына спортпен айналысуға жағдай жасап, түрлі сыйлықтар ойнатады. Бүгін велосақшының қызметін атқарып, барлығын өз бақылауымда ұстадым. Алдағы уақытта да қатысып, велосипед ұтып алсам деген арманым бар. Бәлкім, бір күні менің де жолым болып қалар», — деді Әділет.

Велошеру соңында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылып, флешмоб ұйымдастырылды. Бұл додаға алғаш рет қатысқан Захир Муллаев велосипед ұтып алды.

Велошеру

«Біз досымыз екеуіміз бүгінгі велошеруге бірінші рет қатысып отырмыз, осындай сыйлық аламын деп еш ойлаған емеспін. Өте ризамын, бұл керемет спорттық шара екен. Барлығы жақсы өтті. Алдағы уақытта қатысып отыратын боламыз. Ұйымдастырушыларға рахмет!, — деді ол.

Велошеру

Айта кетейік, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен болды. Аталмыш шара «Спорттық Алматы» жобасы аясында әр жексенбі сайын ұйымдастырылады.