Талдықорғанда «Емханаға тіркел де – МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» жарнамалық акциясы өтті

Дәл осы тақырыпта дәстүрге айналғандай «Емханаға тіркел де – МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» жарнамалық акциясы Талдықорған қаласы, Қаратал өзені жағалауында өтті. Науқанның бір бөлігі ретінде алдағы міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізіліп, брошюралар таратылды.

Медициналық қызметкерлердің қатысумен өткен тақырыптық флешмоб көрермендер назарын баурап алды. Қала тұрғындары бұл акцияны қолдап қана қоймай медицина жүйесіндегі өз мәртебесін біліп қайтты.

«Мұндай іс-шаралардың жұмыс уақытынан тыс өтуі, әрі демалып жүріп осындай пайдалы ақпараттарды алу өте ыңғайлы. Себебі іс-шараға келген әр адам ауруханаға бармай жатып, өз мәртебесін анықтау мүмкіндігіне ие болады. Ұйымдастырушыларға, Egov электрондық үкімет порталына алғысым шексіз», — деді акция қатысушысы Сапарова Мөлдір.