Сәбила Мұстафина ортсайлауком хатшысы болып тағайындалды

2017 жылғы 15 маусымда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 11 бабының 2-тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Өзгеріске сәйкес, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы ОСК отырысында сайланатын болды.

18 шілдеде Орталық сайлау комиссиясының отырысында комиссия мүшесі Сәбила Сапарқызы Мұстафина ротация тәртібімен хатшылық қызметке тағайындалды.

Ортсайлауком хатшысы қызметін Бақыт Мелдешов 10 жыл бойы басқарған болатын. Енді ол комиссиядағы қызметін ОСК мүшесі ретінде жалғастырады.

ДереккөзBnews.kz