Алматы қаласының коммуналдық қызмет ақысын үш айдан бері төлемеген тұрғындарына несие берілмеуі мүмкін. «АлТС» қарыз адамдардың тізімін Несие бюросына бермек.
— Егер адам коммуналдық қызмет ақысын уақытылы төлей алмаса, несиені де қайтара алмайтыны анық. Бірақ бұл бастама әлі қарастырылып жатыр. Жыл соңына дейін бекітіліп, барлық стандарттары ойластырылады. Ал қазіргі таңда қарызы көп клиенттерге ескерту қағазы жіберледі. Егер жағдай түзетілмесе, ісі сотқа беріліп, мүлкін тәркілейді, ыстық суды, электр энергиясын қиып тастайды,- деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.