Геннадий Головкиннің титулына кімдер таласады?

Геннадий Головкиннің титулына таласатын украиналық Сергей Деревянченко мен багам боксшысы Туреано Джонсон арасындағы жекпе-жектің өтетін күні мен орны белгілі болды.

Олар 25 тамыз күні АҚШ-тың Майами қаласында жұдырықтасады.

Жекпе-жек IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына міндетті үміткер атағы үшін болады. Бұл атақты қазіргі уақытта қазақстандық Геннадий Головкин иеленуде.

ДереккөзSports.kz