2018 жылдан бастап көліктерге арналған «әдемі» нөмірлердің бағасы өзгереді

Жаңа жылдан бастап «әдемілердің» қатарына 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707, сондай-ақ ешбір сансыз, тек әріптермен берілетін ААА (АА), ВВВ (ВВ), ССС (СС), …, ZZZ (ZZ) сынды нөмірлер де енеді. Әріптерден ғана тұратын нөмірлерді алу үшін 129 333 теңге (5700% АЕК ) төлеу керек. Жоғарыда көрсетілген жаңа цифрлы нөмірлердің құны — 258 666 теңге (11 400% АЕК).

Ал 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандарынан тұратын әріптері бірдей нөмірлер 646 665 теңгеге (28 500% АЕК) бағаланады.

100, 111, 200, …, 999 цифрлары мен бірдей әріпті нөмірлер — 440 186 теңге (19 400% АЕК).

Айта кетейік, 2017 жылғы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 2269 теңгені құрайды.

ДереккөзNur.kz