Астанада ауыз су беру уақытша тоқтатылады

Күйші Дина 23, 23/1,23/2, 25,25/1,25/2, 26, 28, 28/1 көшесі бойынша орналасқан тұрғын-үй нысандарында, сондай-ақ адам тұрмайтын нысандарда да ауыз судың берілуі тоқтатылады. Атап айтқанда Свято-Успенский кафедралды шіркеуі (Күйші Дина, 27), Күйші Дина, 24 көшесі бойынша орналасқан «Тойбастар» банкет залы және Күйші Дина 23/3 көшесіндегі нысандар ауыз судан ажыратылады.

Онымен бірге сол уақытта Петров көшесі 16, 16/1,16/2 бойынша тұрғын-үйлер мен «Алтай» сауда үйі де уақытша ауыз сусыз қалады.