Еліміздің құрлық әскерлері «Үздік әскери барлаушы» байқауына қатыспақ

«АрМИ-2017» халықаралық әскери ойындарының аясында ұйымдастырылып жатқан байқаудың дайындығы құрлық әскерінің әскери институтындағы полигонда өтуде. Аталмыш дайындыққа он алты әскери қатысып, іріктеуден он екісі өтті. Олардың оны байқауға қатысса, екеуі резерв ретінде апарылмақ. Ал төртеуі 2016 жылғы Әскери ойындардың қатысушылары. Ескерте кетейік, аталған әскерилердің бәрі «Юг» аймақтық басқармасының қызметкерлері.

«Күн сайын жаттығу өткізіп жатырмыз. Ресейдегі ойындарда ел намысын қорғайды деп үміт күтіп отырған адамдарымыз да бар. Олар: аға сержанттар: Ержан Сейіт пен Әзиз Сындарқұлов, сержант Шәді Әлимұхаммет, кіші сержант Асылхан Тілеуқабылов»,- деді «Юг» аймақтық басқармасының барлау бөлімінің аға офицері Нұрлан Шегебаев.