Сирия

“Алайда Сирия оппозициясы келіссөзге қатысу жөнінде әлі шешім қабылдамады”,- деп мәлімдеді оппозиция өкілі Яхья әл-Ариди.

4 мамырда Астанада өткен алғашқы келіссөзде Ресей, Түркия және Иран өкілдері арнайы меморандумға қол қойған болатын. Онда Сирияда қауіпсіз аймақ құру мәселесі туралы айтылған. Бірақ бұл шешімге Сирия оппозициясы қарсы шыққан. Меморандумда Сирияның төрт жерінен «деэскалация аймағы» құрылатыны айтылған.

Сирия оппозициясы Астана меморандумына Тегеранмен бірге қол қоюға қарсылық білдіріп, залды тастап, шығып кеткен. Иран мен Ресей Башар Асад билігін жақтаса, Түркия Асадтың қарсыластарына қолдау көрсетіп келеді.

2011 жылдан бері Сирияда азаматтық соғыс жүріп жатыр, 400 мыңнан астам адам қаза тапты.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!