Картина түсірілімі ҚР Мәдениет және спорт министрінің тапсырысы бойынша Алматы облысында орналасқан Жалаңаш ауылында өтуде. Фильм «Қазақфильм» киностудиясымен бірігіп түсірілуде.
Режиссер бұл туындыны түсіруді көп жылдар бойы армандаған екен.
«1998 жылы Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да оқып жүрген кезімде Балуан Шолақ өмірін экрандау идеясы пайда болды. Фильммен 2 жыл бұрын жұмыс істей бастадық. Таспа негізіне Дулат Исабековтың «Жаужүрек» пьесасы арқау болды. Жазушы туындысын киносценарийге лайықтап қайта жазды. Бірақ, біз түсірілімге былтырғы жылдың желтоқсан айынан бастап кірістік. Алла қаласа, картинаны осы күзде түсіріп бітірмекпіз. Ал соңғы нұсқасын жылдың аяғында тапсырамыз»,-деді Нұргелді Садығұлов.
Картинадағы басты кейіпкерді Еркебұлан Дайыров сомдаған. Сондай-ақ, жас әнші Альбина Шардарова да бұл түсірілім жұмысына қатысқан.
Айта кетейік, картина түсірілімі 2017 жылдың күзінде аяқталмақ.